Венада Арак реакторын қайтадан жобалау келісімшартына қол қойылды
https://itolqyn.com/news/world-i26402-Венада_Арак_реакторын_қайтадан_жобалау_келісімшартына_қол_қойылды
Венадағы халықаралық ұйымдардағы Иран ислам республикасының өкілдігінде Иранның Атом Қуаты Ұйымы мен қытайлық компаниялар Арак ауыр су реакторын қайтадан жобалау келісімшартына қол қойды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 24, 2017 07:48 Asia/Almaty
  • Венада Арак реакторын қайтадан жобалау келісімшартына қол қойылды

Венадағы халықаралық ұйымдардағы Иран ислам республикасының өкілдігінде Иранның Атом Қуаты Ұйымы мен қытайлық компаниялар Арак ауыр су реакторын қайтадан жобалау келісімшартына қол қойды.

Келісімшарт бойынша қытайлық тарап ирандық мамандар арқылы жүзеге асырылған Арак реакторының жаңа жобасын халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарап, мақұлдайды.

Қорытынды құжатқа сәйкес, Иран ислам республикасы жұмыс беруші әрі жобаның иесі, Қытай Иран мен "алтылық" елдерін үйлестіруші саналады.

Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи бұдан бұрын Арак реакторын қайтадан жобалауға қатысты келіссөздердің пысықталғанын хабарлап: «Ядролық өнеркәсіпте Арак реакторын қайтадан жобалау Иранға ерекше мәртебе қалыптастырады. Арак реакторын жобалау және оның дамыған елдер тарапынан расталуынан кейін реактор бұл саладағы дамыған заманауи жабдықтардың қатарынан орын алады» деді.