АҚШ Сирияға қарсы жаңа санкция салды
https://itolqyn.com/news/world-i26454-АҚШ_Сирияға_қарсы_жаңа_санкция_салды
АҚШ Сирияның ғылыми-зерттеу орталықтары мен олардың қызметкерлеріне қарсы санкциялардың жаңа кезеңі жайлы хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 25, 2017 17:51 Asia/Almaty
  • АҚШ Сирияға қарсы жаңа санкция салды

АҚШ Сирияның ғылыми-зерттеу орталықтары мен олардың қызметкерлеріне қарсы санкциялардың жаңа кезеңі жайлы хабарлады.

CNN-нің хабарлауынша, АҚШ Қаржы министрлігі дүйсенбі күні кешке Сирияға қарсы жаңа санкциялардың күшіне енгені туралы хабарлап: "Хан-Шейхундағы химиялық шабуыл ісіне араласуына байланысты Сирияның зерттеу орталықтары АҚШ-тың санкциялар тізіміне ілінді",- деп мәлімдеді.

АҚШ Қаржы министрілігінің баяндамасына сәйкес, Сирияға қарсы санкциялардың жаңа кезеңі Хан-Шейхун оқиғасына байланысты реакция білдірген Сирияның ғылыми-зерттеу орталығының 271 қызметкерін қамтиды.