Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты комиссияның жетінші отырысы өтті
https://itolqyn.com/news/world-i26480
Венада сейсенбі күні «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты комиссияның жетінші отырысы Иран мен «алтылық» тобына мүше мемлекеттер мен Еуроодақтың жоғары деңгейдегі өкілдерінің қатысуымен өтті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 26, 2017 21:17 Asia/Almaty
  • Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты комиссияның жетінші отырысы өтті

Венада сейсенбі күні «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты комиссияның жетінші отырысы Иран мен «алтылық» тобына мүше мемлекеттер мен Еуроодақтың жоғары деңгейдегі өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы аталмыш келісімнің орындалуына бақылау жүргізіп, Иран Сыртқы істер министрі  мен оның орынбасарлары және АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Франция мен Германиядан құрылған «алтылық» тобы, сонымен бірге Еуроодақ өкілдерінің қатысуымен отырысын өткізді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуын қадағалайтын штаб басшысының міндетіне ие Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Сейед Аббас Арақчи сейсенбі күні: «Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің мәлімдемелері сан рет Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нақты орындап, өз міндеттемелеріне табанды болғанын дәлелдеді. Бірақ, екінші жақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындамады»,- деді. Ол бұдан бұрын отырыстың  мақсаттары туралы: «Венада АҚШ үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауы және кейінге қалдырып, қарсыласуы туралы баяндалады»,- деп айтқан болатын.

Иранның Қазақстаннан үш жылдың ішінде 950 тонна уран тотығын сатып алу талабы Ұлыбританияның қарсылығымен кезкті. Бұл мәселе де «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімінің ортақ комиссиясы отырысында қарастырылды.  АҚШ үкіметіне Дональд Трамп келгеннен кейінгі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімінің ортақ комиссиясының бұл жолғы отырысы АҚШ-тың міндеттемелерін орындамауы туралы мәселемен басталды.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан шамамен екі жыл өткен жағдайдағы АҚШ-ның әрекеттері бұл елдің сылтау іздеп, бір күні Конгресс пен Ақ үйде, келесі күні сионистік лоббилерде келісімді бұзуға талпыныс жасауын көрсетуде. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының көптеген осал тұстары бар. Сондықтан, егер олар бақылауға алынбаса, Иранның қазіргі және келешек жағдайларына зиян келтіруі мүмкін.

 

Осыдан екі жыл бұрын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылған кезде Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи  Иран Президенті Хасан Руханидің «Ортақ қадам» келісіміне қатысты хатына жауап ретінде ядролық келіссөздерге қатысқан алты үкіметтің кейбіреуінің сенімсіз екендігіне тоқталып: «Жазылған мәтінді нақты оқып, заңды жолмен алға ілгерілеу керек»,- деп жазды. 

Бүгін АҚШ-тың уәдеге тұрмауы мен әрекеттері Иранның сенім артпауының дұрыс болғанын көрсетеді. Өйткені, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының кейбір жақтары Иранға қарсы қысым көрсету саясатын жалғастыру үшін кез келген сылтау іздеуде. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары дүйсенбі күні Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің  директоры Юкиа Аманомен кездесуінде: «Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі АҚШ пен Ұлыбританияның қастықтарына қарамастан, «Ортақ қадам» келісімін іске асырудағы қиындықтарын  шешуге қатысты міндетін орындайды.  АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қатысты дұшпандық    ұстанымын одан сайын арттырғысы келеді деген ой туады, бірақ мұндай ұстаным бұл елдің өзіне зиян келтіреді»,- деді.