Ресей Түркиядан Сирияға қару жөнелтуді тоқтатуды талап етті
Ресей Түркиядан Сирияға қару жөнелтуді тоқтатуды талап етті.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Геннадий Гатилов: «Анкара гуманитарлық көмектердің атын жамылып, Сирияға қару-жарақ жөнелтуді тоқтатуы керек» деді.
Гатилов сондай-ақ Түркияның Сирия күрдтерінің бекіністерін бомбалауды жалғастыруын айыптап, осы шараларды тоқтатудың қажеттілігін қуаттап: «Осы шаралардың барлығы тоқтатылып, Сирия келіссөздері және атыс тоқтатуды тұрақтандыру мен күшейту үшін қолайлырақ жағдай жасалуы керек» деді.
Ресей Түркияны Сириядағы лаңкестік және экстремистік топтарға қару беріп отыр деп талай рет айыптады.
Ресей телеарнасы да соңғы кездегі деректі бағдарламасында Сирияның лаңкестердің қарамағындағы шекаралық аймақтарында Түркиядан Сирияға емін- еркін қатынап жүрген жүк көліктерін көрсетті.
Бұл күндері наразы күрдтерді басып-жаншу сахнасы болып отырған Түркия шекаралары, әсіресе оңтүстік шекаралары Сирия дағдарысының басынан халықаралық лаңкестердің Сирияға кіру өткеліне айналған.