Ресей "Адам құқығын бақылаушы" ұйымының Сирияға қарсы уәждерін жоққа шығарды
Ресей "Адам құқығын бақылаушы" ұйымының Сирия армиясы "Хан-Шейхунда" (ХАБ)-250 түрінен химиялық қару қолданды деген уәжін теріске шығарды.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Игорь Конашенков осы дау-дамайды жоққа шығарып: «(ХАБ)-250 оқ- дәрісі ешқашан зарин газымен толтырылмаған және ешбір мемлекетке экспортталмаған.
(ХАБ)-250 химиялық оқ-дәрілерінің 60 жылдары толығымен көзі жойылған. (ХАБ)-250 жерден шамамен 70 метр биіктікте жарылатын оқ-дәрі. Шұңқыр қалыптастырмайды.
Лаңкестер осыдан бір апта бұрын Дамаск үкіметінің "Хан-Шейхунді" аралау үшін химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының мамандарын шақырғанын білген соң химиялық бомбадан болды деген өз уәждерін дәлелдеу үшін үлкен шұңқыр қазды» деді.