Вашингтон Иранға қарсы негізсіз уәждерін қайталады
https://itolqyn.com/news/world-i26768-Вашингтон_Иранға_қарсы_негізсіз_уәждерін_қайталады
АҚШ Мемлекеттік департаменті ИИР-на қарсы негізсіз уәждерін қайталап: «Вашингтон Иранның Астана келіссөздеріне қатысуына алаңдауда»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 05, 2017 19:01 Asia/Almaty
  • Вашингтон Иранға қарсы негізсіз уәждерін қайталады

АҚШ Мемлекеттік департаменті ИИР-на қарсы негізсіз уәждерін қайталап: «Вашингтон Иранның Астана келіссөздеріне қатысуына алаңдауда»,- деді.

«Әл-Әлам» теле арнасының мәліметі бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті бейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «ИИР Астана отырысында сындарсыз рөл атқарып, Сирияда тек зорлық-зомбылық жасауда»,- деген уәж айтты. АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұл уәждері Астанада өткен Сирия мәселесіне қатысты төртінші халықаралық отырыстағы Иранның талпыныстары қақтығысты тоқтату аймақтарын құру құжатқа қол қойылуға себеп болған жағдайда айтылып отыр.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стеффан де Мистура бейсенбі күні   Астанада өткен Сирия мәселесіне қатысты төртінші халықаралық отырыстың соңында АҚШ Мемлекеттік департаментінің уәждеріне қайшы Иран, Ресей және Түркияның талпыныстарының арқасындағы отырыстың нәтижесін Сириядағы қақтығыстардың артуының алдын алу саласындағы үміттендіретін әрекет деп бағалап:  «Иранның үздіксіз талпыныстары Сирияда қақтығыстарды тоқтататын аймақтар құру құжатқа қол қоюға ұластырды»,- деді.