Сирия Иран, Қазақстан мен Ресейдің Астана отырысында жасаған талпыныстарына алғыс айтты
Maм 06, 2017 14:58 Asia/Almaty
Астана-4 келіссөздеріндегі Сирия үкіметі делегациясының басшысы ИИР, Қазақстан мен Ресейдің осы диалогты ілгерілетудегі талпыныстарына алғыс айтты.
«Әл-Ахбарие» телеарнасының хабарлауы бойынша, Сирияның БҰҰ-дағы өкілі әрі Астана-4 келіссөздеріндегі Сирия үкіметі делегациясының басшысы Башар әл-Джафари Астана отырысында ілгерілеушіліктің болғанын айтып, осы отырыстарды өткізуді мойнына алған Қазақстан халқы мен үкіметіне алғысын білдірді.
Башар әл-Джафари, сондай-ақ, Ресей мен Иранның Сирияда халықтың қанының төгілуінің алдын алу, келіссөздер өткізудің жолын жеңілдету және Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу үшін жасаған талпыныстарын мақтауға тұрарлық деп бағалады.
Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Дамасктың Ресей тарапынан ұсынылған «шиеленіс азайған» аймақтар туралы жобасымен келіскеніне тоқталып: «Сирия қантөгісті тоқтату және сириялық азаматтарды қолдау мақсатында елге тыныштықты қайтарып, аумақтық біртұтастығын сақтауды кепілдендіретін кез-келген жобаны қолдайды»,-деді.
Ресейдің жобасына сәйкес Сирия мен Түркия шекарасына жақын жердегі Идлиб облысының солтүстік-батысында, Хомс облысының орталығында, Дамасктың айналасының шығысы мен Сирия және Иордания шекарасының оңтүстігінде 4 қауіпсіз аймақ құрылады.
Тегтер