Лавров Сирияның барлық жерінде қауіпсіздіктің орнауына үміт білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i27074-Лавров_Сирияның_барлық_жерінде_қауіпсіздіктің_орнауына_үміт_білдірді
Ресей Сыртқы істер министрі Астана отырысы кезінде қол қойылған құжатты Сирияның төрт аймағында атысты тоқтату бітімі орнауының кепілі және Сирия жерінде қауіпсіздіктің орнауына үміттендіретін фактор деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 15, 2017 14:43 Asia/Almaty
  • Лавров Сирияның барлық жерінде қауіпсіздіктің орнауына үміт білдірді

Ресей Сыртқы істер министрі Астана отырысы кезінде қол қойылған құжатты Сирияның төрт аймағында атысты тоқтату бітімі орнауының кепілі және Сирия жерінде қауіпсіздіктің орнауына үміттендіретін фактор деп атады.

Sputnik ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жексенбі күні Астана отырысы кезінде Ресей, Түркия және Иранның Сирия үкіметі мен қарулы қарсыластар тобы өкілдерінің қатысуымен Сирияның төрт бөлігінде қауіпсіз аймақтар құру туралы құжатқа қол қойғаннан кейін бұл үдерістің Сирияның барлық жерінде кеңінен тарауына үміт білдірді.

Лавров мамырдың оны күні АҚШ президенті Дональд Трамп және осы елдің Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен Вашингтонда кездесіп, осы мәселе, яғни Сирияда қауіпсіз аймақтар құру жайлы келіссөз жүргізген болатын.

Осы жоба негізінде төрт қауіпсіз аймақ ретінде Түркия шекарасына жақын орналасқан Идлиб облысының солтүстік-батыс аймағы, Хомс облысының орталығы, Дамасктың төңірегінде орналасқан шығыс аймақ және Сирия мен Йордания шекарасы маңындағы оңтүстік аймағы саналады.