АҚШ-тың сириялық тұтқындар туралы айыптары өтірік әрі негізсіз
Сирия Сыртқы істер министрлігі АҚШ үкіметінің Седная абақтысының тұтқындарын өлтіріп, олардың мәйіттерін жағып жіберу туралы айыптарын теріске шығарып: «Женева келіссөздерінің басталуы қарсаңында Сирияға қарсы жаңа айыптардың мақсаты айқын»,- деді.
Сирияның САНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирияның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың кеше сейсенбі күнгі айыптауларына жауап ретінде: «АҚШ үкіметі басқа елдердегі дұшпандық әрі араласушылық саясаттарын ақтау үшін сол елді айыптап, өтірік айтуға әдеттенген. Сирия үкіметі айтылған уәждің негізсіз екенін қуаттайды. АҚШ келіссөздердің жаңа кезеңі қарсаңында негізсіз уәж айтуға кіріседі»,- деп баса айтты.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің Таяу Шығыс істері жөніндегі орынбасары дүйсенбі күні «Сирия режимі мыңдаған тұтқынды өлтіріп, мәйіттерін өртеп жіберді немесе ұжымдық қабірлерге жерледі»,- деген уәж айтқан болатын.