Солтүстік Кореяның сынақтан өткен зымырандары әскери тұрғыдан пайдалануға дайын
(last modified Mon, 22 May 2017 08:50:08 GMT )
Maм 22, 2017 14:50 Asia/Almaty
  • Солтүстік Кореяның сынақтан өткен зымырандары әскери тұрғыдан пайдалануға дайын

Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігі орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізгенін растап: "Дәл қазір бұл қару жүйесі орнатуға және әскери пайдалануға дайын",- деп мәлімдеді.

Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат агенттігі дүйсенбі күні: "Сынақтан өткен Pukguksong-2 зымыраны қатты отынды пайдаланады және жылдам ату функциясына ие",- деп хабарлады.

Осы хабарламаға сәйкес, бұл зымыран нысананы атуда жоғары дәлдікке ие.

Кеше жексенбі күні Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай бір баллистикалық зымыран атты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон жексенбі күні Fax News арнасына берген сұхбатында Солтүстік Кореяның зымырандық сынақтарын "азаптаушы" сынақтар  деп сипаттады.

Пхеньян осымен бірнеше рет АҚШ пен оның одақтастары Солтүстік Кореяға қарсы қоқан-лоққы жасауын жалғастырғанға дейін бұл ел де өзінің әскери әлеуетін күшейтіп, алдын алу қабілетін нығайтуды жалғастыратынын мәлімдеді.