Трамп пен Нетаньяху Иранға қарсы негізсіз уәж айтты
(last modified Tue, 23 May 2017 08:37:27 GMT )
Maм 23, 2017 14:37 Asia/Almaty
  •  Трамп пен Нетаньяху Иранға қарсы негізсіз уәж айтты

Сионистік режимнің премьер-министрі дүйсенбі күні басып алынған Құдсты АҚШ Президентімен ортақ баспасөз отырыс өткізіп, Вашингтонның ИИР-на қарсы дұшпандық саясаттарын күшейтуін қолдайтынын мәлімдеді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху «ИИР лаңкестікті қолдайды» деген уәжбен Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы ынтымақтастық жасауына мүдделік танытты.

Сионистік режимнің премьер-министрі баспасөз отырысының басында АҚШ Президенті Дональд Трампқа басып алынған Құдсқа қош келгенін айтып: «Бұл қала – Израильдің мәңгілік астанасы»,- деген уәж айтып, ИИР-н Таяу Шығыс аймағы үшін қоқан-лоққы деп атады.

Ираннан үркіту саясатының жалғасында Трамп пен Неатньяхудың ИИР-на қарсы негізсіз уәждері АҚШ пен Сауд Арабиясы басшыларының Трамптың Рияд сапары кезінде айтылды.

Ақ үй басшыларының бірінің айтуынша,  Трамптың Сауд Арабиясы сапарының мақсаты аймақтағы лаңкестікпен күрес саласында маңызды рөл атқаратын ИИР оқшауландыру болды.