Ұлыбритания Премьер‑министрі Иран мен Ресейдің Сириядағы оң ықпалын мойындады
Maм 27, 2017 21:42 Asia/Almaty
Ұлыбритания Премьер‑министрі Тереза Мэй Италияда өткен әлемнің жеті өнеркәсіптік мемлекетінің отырысы аясында сөйлеген сөзінде Ресей мен Иранның Сириядағы атысты тоқтату бітімінің орындалуын қатаң түрде қадағалауын сұрады.
Тереза Мэй терроризмді саяси жолдарсыз жеңу мүмкін еместігін айтып, Ресей мен Иранның Сирияда атысты тоқтату бітімі толық орнағанға дейін өздерінің саяси ықпалдарын қолдануы қажеттігін қуаттады.
Манчестердегі жуырдағы лаңкестік әрекеттен кейін Ресей мен Иранның лаңкестікпен күрестегі рөлін мойындаған Ұлыбритания Премьер‑министрі: "Шынайы ерік‑жігер танытып, үйлесімді қадамдар жасау арқылы дүниежүзілік терроризммен күресуге болады",-деді.
Тегтер