Ұлыбритания Премьер‑министрі Иран мен Ресейдің Сириядағы оң ықпалын мойындады
https://itolqyn.com/news/world-i27458-Ұлыбритания_Премьер_министрі_Иран_мен_Ресейдің_Сириядағы_оң_ықпалын_мойындады
Ұлыбритания Премьер‑министрі Тереза Мэй Италияда өткен әлемнің жеті өнеркәсіптік мемлекетінің отырысы аясында сөйлеген сөзінде Ресей мен Иранның Сириядағы атысты тоқтату бітімінің орындалуын қатаң түрде қадағалауын сұрады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 27, 2017 21:42 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Премьер‑министрі Иран мен Ресейдің Сириядағы оң ықпалын мойындады

Ұлыбритания Премьер‑министрі Тереза Мэй Италияда өткен әлемнің жеті өнеркәсіптік мемлекетінің отырысы аясында сөйлеген сөзінде Ресей мен Иранның Сириядағы атысты тоқтату бітімінің орындалуын қатаң түрде қадағалауын сұрады.

Тереза Мэй терроризмді саяси жолдарсыз жеңу мүмкін еместігін айтып, Ресей мен Иранның Сирияда атысты тоқтату бітімі толық орнағанға дейін өздерінің саяси ықпалдарын қолдануы қажеттігін қуаттады.

Манчестердегі жуырдағы лаңкестік әрекеттен кейін Ресей мен Иранның лаңкестікпен күрестегі рөлін мойындаған Ұлыбритания Премьер‑министрі: "Шынайы ерік‑жігер танытып, үйлесімді қадамдар жасау арқылы дүниежүзілік терроризммен күресуге болады",-деді.