Ресей Украинаға қатысты АҚШ-ның бопсалауын қабылдамайтынын қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i27596-Ресей_Украинаға_қатысты_АҚШ_ның_бопсалауын_қабылдамайтынын_қуаттады
Ресей АҚШ-тың Украинаны Мәскеуді бопсалау үшін пайдалана алмайтынын жариялады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 31, 2017 16:19 Asia/Almaty
  • Ресей Украинаға қатысты АҚШ-ның бопсалауын қабылдамайтынын қуаттады

Ресей АҚШ-тың Украинаны Мәскеуді бопсалау үшін пайдалана алмайтынын жариялады.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков «Известия» газетіне берген сұхбатында: «Мәскеу Украинаға қатысты Вашингтонмен екіжақты келіссөздерді бастауға дайын. Бірақ бопсалау мен санкция салу Ресейге еш уақытта әсер еткен жоқ»,- деп жариялады. Рябков сонымен бірге Украинаға қатысты Ресей мен АҚШ келіссөздерінің Ресей, Украина, Франция және Германиядан құрылған «Норманд тобының» орнын баспайтынын ескертті.

Ресей АҚШ Президенті Дональд Трамптың жуырдағы ұстанымына байланысты Украинаға қатысты АҚШ-пен келіссөздер өткізу мүмкіндігін қайтадан қуаттады. Трамп Ресейге қарсы санкциялардың күшін жою шарты ретінде Ресейдің Украина дағдарысына қатысты ұстанымын өзгерту деп атады.

Негізінде, Дональд Трамптың үкімет басына келуімен АҚШ пен Ресей қарым-қатынастары жақсарады деген болжауларға керісінше, АҚШ-тың жаңа үкіметі бұл елдің бұрынғы үкіметі сынды Мәскеуге қарсы ұстаным білдіруде. Вашингтонның Мәскеуге қарсы саясатының ең маңызды көріністеріне «Мәскеу Украина дағдарысына араласты» және «Қырымды өзіне қосып алды», сонымен бірге «Украинаның шығысындағы қарсыластарға белсенді қолдау көрсетуде» деген сылтаулармен кең ауқымды санкциялар салу жатады. АҚШ басшыларының пікірінше, Мәскеу Украинаның шығысындағы дағдарысты  шешпей, Минск-2 келісімін шеше алмайтынын, сол себепті санкция салатынын жариялады.   Ресей басшылары Украина мен бұл елдің Батыс қолдаушыларының әрекеттеріне реакция білдіріп: «Украинаның батысшыл үкіметі бұл елдегі Ресейдің мүддесін қабылдап, Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы  әрекет жасаудан бас тартқаны жөн»,- деп мәлімдеген болатын. Мәскеудің пікірінше, Киев үкіметі Минск-2 келісімін орындамай, Украинаның шығысында қауіпсіздік пен бейбітшілік орнатудың жолын жапты.

Ресейліктердің көзқарасы бойынша, Киевтің батысшыл үкіметінің Украина дағдарысын бейбіт және саяси жолдармен шешуді қаламауы қазіргі тығырықтың жалғасуына себеп болуда.

Сондықтан Мәскеу егер АҚШ басшылары шынайы түрде бұл мәселені шешкісі келсе украиналық тараппен келіссөздер жүргізіп, оларды осы салада ынтымақтастық жасауға көндіруі керек»,- деп мәліммдеген болатын.

 Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Мәскеудің АҚШ-тың жаңа үкіметімен Украина туралы көбірек сөйлесуге қарсы емес екенін хабарлады. Оның пікірінше, Минск келісімінің  іске асырылмауына Киев үкіметі кінәлі. Рябковтың айтуынша, олар келісімді қайта қарастыру үшін жағдай тудыру мақсатында саясат жүргізуде. Сөйтіп, Ресей егер АҚШ-тың Украина дағдарысына араласуы бейтарап болса, араласуы пайдалы болуы мүмкін деп санайды. Кері жағдайда, Вашингтонның араласуы Киевтің Ресеймен қарсыласу жігерінің артуына себеп болуы мүмкін.  2017-ші жылдың сәуір айының ортасында Украина Президенті Петр Порошенко америкалық әріптесі Дональд Трамптан Ресейге қарсы санкциялардың күшін жоймауды сұраған болатын. Украина басшыларының көзқарасы бойынша, Мәскеу тек қысым мен күштің тілін ғана түсінеді. Сондықтан Украинаның шығысындағы Киев үкіметінің қарсыластарын қолдау саясатын өзгерту үшін Ресейге қарсы санкция салу саясатын азайтудың орнына күшейту қажет.