Ресейлік зымырандар Сириядағы ДАИШ-тың позицияларына дөп тиді
Ресей Қорғаныс министрлігі сүңгуір қайықтан Сириядағы ДАИШ-тың позицияларына қанатты зымырандардың атылғанын хабарлады.
«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігі осы ел армиясы теңіз күштерінің сәрсенбі күні Жерорта теңізінде орналасқан «Адмирал Эссен» кемесі мен «Краснодар» сүңгуір қайығынан Сирияның Пальмира тарихи қаласындағы ДАИШ-тың позицияларына 4 қанатты зымыран атқанын хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі бойынша, зымыранмен нысанаға алынған бекіністер мен ауыр қару-жарақ қоймасы талқандалып, Ракка қаласынан аттанған содырлардың көзі жойылды.
Ресей 2015 жылдың қыркүйек-қазан айларынан бері Сирия үкіметімен лаңкестікке қарсы әріптестік аясында Латакия облысындағы Хамимде орналасқан өзінің әуе-ғарыш бөлімшесін пайдаланумен қоса, кемелер, сүңгуір қайықтар мен бомбалаушы ұшақтарды қолданып, Сирияға қарсы лаңкестердің, соның ішінде ДАИШ пен ән-Носрат майданының позицияларын бомбалауда. Бұл лаңкестердің ілгерілеуінің тоқтатылып, олардың үсті-үстіне жеңіліс табуына себеп болуда.