Донецкте Украина үкіметі тарапынан атыс тоқтату бітімі бұзылды
https://itolqyn.com/news/world-i2764-Донецкте_Украина_үкіметі_тарапынан_атыс_тоқтату_бітімі_бұзылды
Украинаның шығысында Донецк аймағындағы қарсыластар Украина күштері соңғы тәулік бойында 57 рет атыс тоқтату келісімін бұзды деп мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 14, 2016 22:40 Asia/Almaty
  • Донецкте Украина үкіметі тарапынан атыс тоқтату бітімі бұзылды

Украинаның шығысында Донецк аймағындағы қарсыластар Украина күштері соңғы тәулік бойында 57 рет атыс тоқтату келісімін бұзды деп мәлімдеді.

Украинаның шығысында атыс тоқтату келісімі 14- ші қаңтарда күшіне енгізілді. Украина армиясының ақпарат хатшысы Андрей Лысенко Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында әскерилер мен қарсыластар арасында болған қатты қақтығыс барысында екі әскеридің қазаға ұшырағанын хабарлады. БҰҰ- ның мәлімдеуінше, 2014 жылдың сәуір айында Украинада бейберекеттіктер басталған кезден бері 9 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мың кісі жараланған.