Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Ресейге сапармен барды
(last modified Thu, 01 Jun 2017 14:03:03 GMT )
Маусым 01, 2017 20:03 Asia/Almaty
  • Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Ресейге сапармен барды

Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі әрі Иран мен Ресейдің ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен комиссиясының төрағасы Махмуд Ваэзи бейсенбі күні Санкт-Петербургтегі Халықаралық отырысқа қатысу мақсатында осы қалаға сапармен барды.

Әртүрлі мемлекеттердің лауазымды тұлғалары мен делегация басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу, Санкт-Петербургтегі үшкүндік форумда көтерілетін тақырыптарға қатысты Иранның көзқарастарын талқылау ИРИ жоғары лауазымды тұлғаларының осы форум аясындағы жоспарларына жатады.

Санкт-Петербургтегі негізгі отырыс пен мамандандырылған және жалпы жиналысқа 12 мыңнан астам адам, соның ішінде әртүрлі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қазіргі және бұрынғы басшылары мен лауазымды тұлғалары қатысады.

Бұл отырыстар аясында қарастырылатын негізгі тақырыптарға маңызды халықаралық әсіресе экономикалық және әлеуметтік мәселелер мен түйткілдер, Таяу Шығыс аймағының жағдайы, аймақтық дағдарыстар, әлемнің келешегі мен мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар кіреді.