Сирия мәселесіне қатысты Қазақстан келіссөздерінің келесі отырысының уақыты жарияланды
Ресейдегі Сирия елшісі Сирияда бейбітшілік орнату мәселесіне қатысты Астана келіссөздерінің келесі отырысының маусымның 12-13 күндері өтетінін хабарлады.
Ресейдегі Сирия елшісі Рияд Хаддад маусым айының 12-13 күндері Астанада өтетін отырысқа шақыру хатын алғанын мәлімдеді. Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов осыдан бұрын Сирия мәселесіне қатысты келіссөздерді маусымның ортасында өткізуді сұрап, отырыстың нақты уақытына қатысты байланыстардың орнатылғаны туралы айтқан болатын.