Теһрандағы лаңкестік шабуылдар – Арабстанның ДАИШ идеологиясын таратуға бағытталған әрекеттерінің салдары
https://itolqyn.com/news/world-i27866
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Хошру күнәсіз 17 ирандықтың шәһид болып, ондаған адамның жарақаттануына соқтырған сәрсенбі күні Теһранда орын алған лаңкестік шабуылдарды Сауд Арабиясының ДАИШ және Аль-Каиданың тәкфирлік идеологиясын таратуға бағытталған әрекеттерінің салдары деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 09, 2017 17:45 Asia/Almaty
  • Теһрандағы лаңкестік шабуылдар – Арабстанның ДАИШ идеологиясын таратуға бағытталған әрекеттерінің салдары

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Хошру күнәсіз 17 ирандықтың шәһид болып, ондаған адамның жарақаттануына соқтырған сәрсенбі күні Теһранда орын алған лаңкестік шабуылдарды Сауд Арабиясының ДАИШ және Аль-Каиданың тәкфирлік идеологиясын таратуға бағытталған әрекеттерінің салдары деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат қызметінің хабарлауынша, Ғоламали Хошру бейсенбі күні кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ-ның бас хатшысына жолдаған наразылық хатында: "Сауд Арабиясының жауапсыз, арандатушы және қаскүнем саясаттары БҰҰ-ның Жарғысының қағидалары мен мақсаттарына қайшы келеді",- деп жазды.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі осы ұйымға жолдаған Сауд Арабиясының мамыр айындағы әрекеттері туралы өзінің алдыңғы хатына сілтеме жасап: "Теһрандағы лаңкестік шабуылдар Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің мамырдың екісі күні Иранмен сұхбаттасудан бас тартып, "Рияд Иранның ішінде соғыс ашуды қалайды",- деп толық масштабты қоқан-лоққы жасауының жалғасында орын алды» деді.