Зариф: Иран мен Аустралияның қарым-қатынасы жаңа кезеңге аяқ басты
Иранның Сыртқы істер министрі Иран мен Аустралияның қарым-қатынасындағы жаңа кезең жайлы хабарлады.
Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Канберрада Аустралияның Сыртқы істер министрі Джули Бишоппен бірге өткізген баспасөз конференциясында: «Иран мен Аустралияның қарым-қатынасы ертеде басталған. Қазіргі таңда екі елдің байланысы үшін жаңа жағдайлар қалыптасты»,-деді.
Иранның Сыртқы істер министрі Аустралияның Сыртқы істер министрімен сындарлы келіссөздер өткізгенін айтып, өз сұхбатының басты тақырыптарының бірі ретінде екі елдің сауда, инвестиция, технология және экономика салаларындағы қарым-қатынасын кеңейту деп атап: «Қатігездік, экстремизм және ұйымдасқан қылмыстармен күрес екіжақты кеңестердің келесі тақырыбы болды»,-деп мәлімдеді.
Зариф, сондай-ақ, ИИР Президентінің «Қатігездік пен экстремизмнен ада әлем» атты жобасының қабылданғанына тоқталып: «Қатігездікпен күресу байсалды әріптестікті қажет етеді. Иран қатігездік және экстремизммен күресуге және адамның құқығын сақтауға дайын. Ислам – бейбітшілік пен достық діні, ол экстремизмге қарсы. Бірақ қазіргі таңда мұсылмандар қатігездіктің құрбаны болып отыр»,-деп баса айтты.
Аустралияның Сыртқы істер министрі де Иранға қарсы санкциялардың жойылғанына тоқталып: «Аустралия жуырда Иранға қарсы санкцияларды алып тастады. Енді Иранмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға дайын»,-деді.