Баку мен Теһранның мұнайдан тыс саудасының көлемі 75 пайызға артты
Маусым 20, 2017 18:23 Asia/Almaty
Ирандағы Әзірбайжан республикасының елшісі Бонияд Хосейнов екі ел арасындағы сауда байланыстарының даму үдерісіне тоқталып: «Өткен 4 жылда Иран мен Әзірбайжан республикалары арасындағы мұнайдан тыс сауда айналымы 75 пайыздан асты» деді.
Бонияд Хосейнов сонымен қатар Әзірбайжан республикасы халқының ирандық дәрігерлер мен дәрілерге сенім артатынын қуаттап, Әзірбайжан республикасынан ай сайын бір миллион адамның Иранға сапармен баратынын мәлімдеп: «Өткен жылдары екі ел арасында 5 000 жүк көлігі тауар тасымалдады. Бұл сан қазір жылына 15 000 көлікке артты» деді.
Тегтер