Америка Сирияға шабуыл жасау үшін сылтау іздеуде
https://itolqyn.com/news/world-i28486-Америка_Сирияға_шабуыл_жасау_үшін_сылтау_іздеуде
Ресей Мемлекеттік Думасының халықаралық істер жөніндегі комитет басшысы Алексей Пушков Таяу Шығыстағы америкалық кемелер мен күштердің дайын жағдайға келтірілуіне білдірген реакцияда «Вашингтон Сирияға шабуыл жасау үшін сылтау іздеуде» деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 29, 2017 19:24 Asia/Almaty
  • Америка Сирияға шабуыл жасау үшін сылтау іздеуде

Ресей Мемлекеттік Думасының халықаралық істер жөніндегі комитет басшысы Алексей Пушков Таяу Шығыстағы америкалық кемелер мен күштердің дайын жағдайға келтірілуіне білдірген реакцияда «Вашингтон Сирияға шабуыл жасау үшін сылтау іздеуде» деді.

Ресей Мемлекеттік Думасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Твиттердегі парақшасында: «Америка өзінің теңіз және әуе күштерін дайын жағдайға келтіріп, Сирияға шабуыл жасау үшін сылтау іздеуде. Сирия президенті Башар Асад та оларға ешқандай себеп бермейді» деп жазды.  

Америка Таяу Шығыстағы өзінің әуе және теңіз күштеріне Сирияның әуе базаларын бомбалау ықтималдығына байланысты дайын болуға бұйырды.

Бұдан бұрын Американың бір соғыс кемесі 2017 жылдың сәуір айында Жерорта теңізінің шығысында Tomahawk модельді қанатты зымырандарын Сирияның Хомс облысындағы аш-Шейрат әуе базасына қарай атты. Вашингтон Сирияның Идлиб облысындағы Хан-Шейхун аймағына химиялық шабуыл осы әскери база арқылы жүзеге асырылды деген уәж айтты.