Америкада Трамптың көші-қонға тыйым салатын жарлығына қарсы наразылық шерулері өтті
https://itolqyn.com/news/world-i28502
Шеруге қатысушылар Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларының көшелеріне шығып, АҚШ президентінің көші-қонға тыйым салатын жарлығының жүзеге асуына байланысты наразылық білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 30, 2017 19:03 Asia/Almaty
  • Америкада Трамптың көші-қонға тыйым салатын жарлығына қарсы наразылық шерулері өтті

Шеруге қатысушылар Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларының көшелеріне шығып, АҚШ президентінің көші-қонға тыйым салатын жарлығының жүзеге асуына байланысты наразылық білдірді.

Наразылық білдірушілер АҚШ президенті Дональд Трамптың жарлығының жүзеге асуына байланысты Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларының көшелерінде шерулерге шығып, жарлықтың күшін жоюды талап етті.

Мигранттар құқығы жөніндегі белсенділер мен адвокаттар құқықтық тұрғыдан қиындыққа тап болғандарға көмектесу үшін Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда жиналды.

Наразылық білдірушілердің сөздеріне сәйкес, бұл кемсітушілік жарлық АҚШ-тың қауіпсіздігін арттырмайды. Бұл нәсілшілдік және өзгеден үркіту сипатындағы іс әрі АҚШ-тың құндылықтарына қарама-қайшы. АҚШ-тың елшіліктері мен консулдықтары да осы жарлық негізінде жоғарыда аталған алты мұсылман мемлекеттерінің азаматтарына виза беруге байланысты шектеу шараларын 90 күннің ішінде жүзеге асырмақ.