Америкалық журналистер: Трамп психикалық тұрғыдан сау емес
АҚШ-тың MSNBC арнасының екі журналисі жуырда АҚШ президенті Дональд Трамптың Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке шабуылдары мен айтқан балағат сөздерін зерттей келе, Трамптың психикалық тұрғыдан сау еместігін баса айтты.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат тарату торабының мәліметі бойынша, Мика Бжезински мен Джой Скарборо жұма күні The Washington Post газетінде жариялаған мақаласының тақырыбында АҚШ президентінің әрекеттерін "патологиялық ауру" деп сипаттап, оның психикалық саулығына күмән келтірді. Доналдь Трамп бейсенбі күні Твиттердегі екі жазбасында осы екі тілшіге шабуыл жасап, "ақыл-парасаты төмен жынұрған Мика" және "психикалық ауруға шалдыққан Джой" деп атады.
Трамптың бұл шабуылы республикашылдар фракциясы өкілдерінің наразылық айқайы мен олардың АҚШ президентігі мансабына деген қорқынышын арттырды.
Дональд Трамп билікке келген сәттен бастап, бірнеше рет америкалық телеарналар, газеттер мен журналистердің көпшілігін жалған хабар таратады деп айыптап, бірнеше мәрте телеарналармен, әсіресе CNN арнасының журналистерімен сөзге келген болатын.