Иран халықаралық қауымдастыққа ауылшаруашылығын тұрақты дамытуға көмектесуге дайын
ИИР Ауылшарушылық министрі дүйсенбі күні БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Римдегі 40-шы отырысында Иранның халықаралық қауымдастыққа ауылшаруашылығын тұрақты дамытуға көмектесуге дайын екенін жариялады.
Иранның Ауылшарушылық министрі Махмуд Ходжати Иран мен Голландияның өткен маусым айында Римде өткен «Құрағақшылықты басқару» атты халықаралық конференциядағы ынтымақтастығына тоқталып: «ИИР халықаралық қауымдастыққа әсіресе Таяу Шығыс аймағындағы елдерге азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге және ауылшаруашылығын тұрақты дамытуға көмектесуге дайын. Әсіресе өткен оңжылдықтағы құрғақшылық кезіндегі климат пен географиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты алаңдаушылықтар Иранның өзінің ауылшаруашылығы саласындағы стратегиясын әсіресе су шығару факторларына назар аударып, өндірістік базаны сақтап, ауылшаруашылығын тұрақты дамытып, өндірісті тұрақтандыруға көбірек назар аударуына себеп болды. Осы салада өткен төрт жылда Иран ауылшаруашылығы жерлерінің 660-тан астам гектары заманауи суландыру жүйелерімен қамтамасыз етілді»,- деді.