Америка Астанадағы Сирия бейбітшілігі келіссөздерін жеңіліске ұшыратуға талпыныс жасауда
https://itolqyn.com/news/world-i28700-Америка_Астанадағы_Сирия_бейбітшілігі_келіссөздерін_жеңіліске_ұшыратуға_талпыныс_жасауда
​​​​​​​“Фарс” хабар агенттігінің мәліметі бойынша хабардар дереккөзі өз есімінің жарияланбауы шартымен Анадолы хабар агенттігіне Американың Қазақстанның Елордасы Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздерін жеңіліске ұшыратып, келіссөздерді Иорданияның астанасы Амманда өткізу үшін негіз әзірлемек болып жатқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 06, 2017 16:40 Asia/Almaty
  • Америка Астанадағы Сирия бейбітшілігі келіссөздерін жеңіліске ұшыратуға талпыныс жасауда

​​​​​​​“Фарс” хабар агенттігінің мәліметі бойынша хабардар дереккөзі өз есімінің жарияланбауы шартымен Анадолы хабар агенттігіне Американың Қазақстанның Елордасы Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздерін жеңіліске ұшыратып, келіссөздерді Иорданияның астанасы Амманда өткізу үшін негіз әзірлемек болып жатқанын хабарлады.

 

Ол сириялық қарсыластардың Америка Мемлекеттік хатшысының бұрынғы көмекшісі Стюарт Джонспен кездескенін, ол кездесуді америкалық бір дипломаттың да растағанын айтты.

Осы аяда сириялық қарсыластар делегациясының басшысы Ахмад ал-Бари Астана-5 келісссөздерінде Америка мен Иорданияның Сирияның оңтүстігіндегі қарсыластар өкілдерінің Астана отырысына қатысуының алдын алуға күш салғанын әшкерелеп: “Сириялық қарсыластар келіссөздер бағытындағы кез келген кедергіні Сирияны бөлшектеу үшін жасалып жатқан талпыныс санайды” деді.

Астана-6 келіссөздері биылғы жылдың тамыз айының жетісі күні Қазақстанның Елордасында өтеді.