АҚШ-тың генералдары Иранмен ядролық келісімді қолдайды
https://itolqyn.com/news/world-i28910
АҚШ армиясының ондаған зейнеткер генералы ашық хат жолдап, Иран мен «алтылық» елдері арасындағы ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы» деп аталған ядролық келісімге қолдау көрсетті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 13, 2017 13:59 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың генералдары Иранмен ядролық келісімді қолдайды

АҚШ армиясының ондаған зейнеткер генералы ашық хат жолдап, Иран мен «алтылық» елдері арасындағы ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы» деп аталған ядролық келісімге қолдау көрсетті.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  АҚШ армиясының зейнетке шыққан 38 генералы мен адмиралы сәрсенбі күні  АҚШ Президенті Дональд Трампқа ашық хат жолдап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтындықтарын мәлімдеп: «ИИР жәнне әлемнің басқа алпауыт елдері мен АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі осы келісімнен пайда көріп отыр»,-деді.

Бұл хатта, сондай-ақ, америкалық генералдар Дональд Трамптан Вашингтонның Теһранмен дипломатиялық канал орнатуын сұраған.

Зейнеткер генералдар хатты Дональд Трамп пен басқа да республикашылдар соңғы айларда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сынап, Трамп оны тарихтағы ең нашар келісімдердің бірі деп атаған жағдайда жолдап отыр.