Макрон: Асадтың кетуін қажет деп санамаймыз
https://itolqyn.com/news/world-i28948
Франция мен АҚШ Президенттерінің Парижде өткен ортақ баспасөз конференциясында Макрон: "Асадтың кетуін қажет деп санамаймыз",-деді. Ал Трамп: "Вашингтон Сириядағы атысты тоқтату бітімін қолдайды",-деген уәж айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 14, 2017 17:22 Asia/Almaty
  • Макрон: Асадтың кетуін қажет деп санамаймыз

Франция мен АҚШ Президенттерінің Парижде өткен ортақ баспасөз конференциясында Макрон: "Асадтың кетуін қажет деп санамаймыз",-деді. Ал Трамп: "Вашингтон Сириядағы атысты тоқтату бітімін қолдайды",-деген уәж айтты.

IRNA  ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Франция Президенті Эммануэль Макрон бейсенбі күні кешке АҚШ Президенті Дональд Трампен Парижде бірге өткізген баспасөз конференциясында Францияның Сирияға қатысты жаңа ұстанымын жариялап: "Негізгі мақсат – лаңкестікті жойып, баянды саяси шешім жолын табу. Асадтың кетуін қажет деп санамаймыз.

Сирия келіссөздерінде Башар Асад пен үкіметке қарсылардың өкілдерінің қатысуын қалаймыз",-деп баса айтты.

Бейсенбі күні Парижге барған АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің француз әріптесімен ортақ баспасөз конференциясында Сирияның оңтүстік-батыс жағында атысты тоқтату бітіміне келісуді тиімді шара деп атап: "Бұл елде екінші атысты тоқтату бітімін орнатуға бағытталған талпыныстарды қолдаймын",-деген уәж айтты.

АҚШ Президенті, сондай-ақ, климаттық өзгерістерге қатысты Париж келісімі туралы ұстанымының өзгеру ықтималдығы жайлы айтқан сөзінде бұл жөнінде көбірек сұхбаттасу керектігін айтты.