"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына екі жыл толды
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен "алтылық топ" арасындағы ядролық келісімнің қол қойылғанына екі жыл толуы қарсаңында АҚШ-тың бұл келісімге берік болу қажеттігін қуаттап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын әлемдік келісім деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф жұма күні таңертең АҚШ-қа келген сәтте тілшілердің алдында АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты ұстанымы туралы: "Вашингтон өзінің "Ортақ қадам"жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын өзгертуі тиіс. Ядролық келісім бірнеше жылдар бойы жалғасқан келіссөздердің нәтижесі саналады. Өкінішке орай, АҚШ өзінің қате қатынастары мен саясаттары арқылы Иранның осы келісімді лайықты пайдалана алмауына жағдай тудырды",- деп мәлімдеді.
2015 жылы маусымның он төрті күні қарқынды және күрделі келіссөздердің нәтижесінде Иран мен әлемнің алты алып державасы арасында ядролық келісімге қол қойылды. Ядролық келісім немесе "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы әлемдік сипатқа ие болу үшін 2015 жылы маусымның жиырмасы күні №2231 қарар шеңберінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан бекітілді. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы 2016 жылы маусымның он алтысы күні жүзеге асты. "Ортақ қадам" бағдарламасы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тарапынан бекітілгеннен бастап ядролық келісім халықаралық келісім саналады әрі нақты бір елге тиесілі емес. Ядролық келісімнің барлық тараптары "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыруға міндетті. Ешбір мемлекеттің біржақты түрде оны бұзуға құқығы жоқ.
АҚШ президенті Дональд Трамптың билік басына келуімен "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты жаңа көзқарас қалыптасты. Трамп үкіметі көпжақты келісімге біржақты түрде қарауда. Трамптың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты Ақ үйге келгенге дейін және одан кейінгі ұстанымы тұрақсыз болып, көптеген келіспеушіліктері болды. Бірақ, бір тұрақты мақсат пен принцип қалған болатын. Ол "Ортақ қадам" бағдарламасын әлсірету болды. Трамп ядролық келісімнің басқа тараптарының ашық әрі кесімді түрдегі келіспеушіліктеріне байланысты бірнеше рет "Ортақ қадам" бағдарламасын жыртып тастау, мәтінін қайта жазу секілді істерден алшақтады. Бірақ, әртүрлі санкциялар жариялау арқылы Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасын лайықты түрде пайдалана алуына кедергі жасады. Осы аяда АҚШ Сенаты өткен маусым айында Иранды лаңкестікті қолдайтыны туралы заң жобасын бекітіп, Иранға қарсы жаңа санкциялар жариялады.
Қазір "Ортақ қадам" бағдарламасына екі жыл толуына байланысты Трамп үкіметінің Иранның ядролық келісіміне қатысты ұстанымына деген көзқарас тағы көзге қатты түсіп отыр. АҚШ үкіметі алдағы дүйсенбіге дейін Иранның ядролық келісімге қатысты әрекеттері мен беріктігі туралы екінші есебін Конргесте баяндайды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон АҚШ Конгресіне Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты беріктігі туралы әрбір тоқсан күнде бір рет баяндама жасап тұруға міндетті. Мұның алдында Тиллерсон сәуір айындағы Конгреске берген алғашқы есебінде Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына беріктігін растап, Теһранды лаңкестікке қолдау көрсетті деп айыптады. Осылайша, "Ортақ қадам" бағдарламасын әлсірету Трамп үкіметінің Иранның "Ортақ қадамға" беріктігін мойындаумен қатар оған қарсы жаңа санкция мақсатында жұмыс тәртібінде болған жоба саналады. Дәл осы қатынастың шеңберінде америкалық The Weekly standard басылымының бейсенбі күнгі нөмірінде: "Трамптың "Ортақ қадам" бағдарламасы туралы пікірлерінен хабардар ақпарат көздерінің осы басылымға берген мәліметі бойынша, Дональд Трамп Иранның ядролық келісімді қадағалауын тағы растамақ",- деп жазылған.
Дүйсенбі күні АҚШ әскерінің отставкадағы 38 генералы сәрсенбі күні Трампқа жолдаған хатында "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдайтынын білдіріп: ""Ортақ қадам" бағдарламасын жыртып тастау немесе ядролық келісімді бұрмалаудың қателік болатыны айдан анық. Басқа мемлекеттер "Ортақ қадамға" қатысты әртүрлі көзқарас ұстануына байланысты АҚШ жалғыз қалып отыр. Біржақты әрекеттерді жалғастыру АҚШ-ты әлемдік қауымдастық алдында жауапкершіліктен жұрдай екенін көрсетеді",- деп жазды. Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі жауапты тұлғасы Федерика Могерини өткен сейсенбі күні АҚШ-тың Иранның ядролық келісімін зерттеу әрекетін құрметтейтінін, бірақ Еуропа одағының Иранмен өзара әрекеттестігін жалғастыратынын мәлімдеді.