Ресей Сирия үкіметі мен қарсыластарының келіссөздерін қолдайды
Ресейдің БҰҰ-ның Женевадағы еуропалық штабындағы өкілі Сирия үкіметі мен қарсыластары арасындағы келіссөздердің жалғасуын құптады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресейдің БҰҰ-ның Женевадағы еуропалық штабындағы өкілі Алексей Бородавкин жексенбі күні: "Женевадағы "сириялық-сириялық" келіссөздердің жаңа кезеңінде Сирияда қауіпсіз аймақтар құруға қатысты кейбір техникалық мәселелер жөнінде келісімге келетін мүмкіндік бар" деді.
Ресейдің БҰҰ-ның Женевадағы еуропалық штабындағы өкілі Женевада өткен "сириялық-сириялық" келіссөздердің жетінші кезеңінің кеңістігін оң бағалап: "Келіссөздердің бұл кезеңінде айтарлықтай шешімдер қабылданбаса да, келіссөздер сындарлы кеңістікте өтіп, қатысушы топтардың лаңкестік мәселесіне қатысты сұхбаттасуларға қатысуға деген ынтасы байқалды" деді.
Женева келіссөздерімен қатар, осы уақытқа дейін Қазақстанның бас қаласы Астанада Сирия үкіметі, ауқымды бітім шартын қабылдаушы қарулы қарсыластар, Сириядағы бейбітшілікке кепіл болатын Иран, Ресей мен Түркия елдерінің қатысуымен жоғары деңгейдегі келіссөздердің төрт кезеңі өткізілді.