Америка әлемде тұрақтылық орната алмайды
ИИР-ның президенті Хасан Рухани «Америка өзінің халықаралық міндеттерін, соның ішінде Париж келісімі мен Куба, Солтүстік Америка және Азияның Шығысымен міндеттерін бұзу арқылы әлемде адам құқығын қалпына келтіре алмайтынын, заң мен тұрақтылық және қауіпсіздік орнату қолынан келмейтінін көрсетті» деді.
ИИР-ның президенті Хасан Рухани үкіметтің отырысында Американың халықаралық міндеттеріне қатысты бұрыс қатынасы туралы айтып: «Америка жаңа кезеңде көптеген міндеттемелерін бұзды. Өзі тұрақтылықтан кенде әрі заңдар мен ережелерге құрмет көрсетпейтін ел басқаларды тұрақтылық пен қауіпсіздік және тыныштыққа шақыра алмайды» деді.
Рухани Американың аймақтағы құзырын алауыздықтар мен қақтығыстардың күшеюінің себебі деп атап: «Ирак пен Сирия және көршілес елдердің халықтары мен қарсыласушы күштер жанкештілікпен аймақты лаңкестіктен құтқарды. Болашақта да аймақты лаңкестіктің ылаңынан толығымен тазалайды» деді.
Рухани сонымен қатар Американың Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзумен айыптаған қастандығының сәтсіздікке ұшырауына сілтеме жасап: «Иран әрдайым өзінің халықаралық міндеттемелеріне табандылық танытады. Бірақ америкалықтар әртүрлі сылтаулармен жаңа санкция салуды мақсат етеді. Олардың әрекеттері «Ортақ қадам» бағдарламасының қисыны мен рухы әрі мәтінімен сәйкеспеуімен қатар, оларға кереғар. Егер америкалықтар қандай сылтаумен болсын Иранға санкция салатын болса, Иран халқы оларға тиісті жауап береді» деді.