Бүгін Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы комиссиясының отырысы басталды
https://itolqyn.com/news/world-i29152
Иранның ядролық бағдарламасына екі жыл толып, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы бүлдіргі әрекеттерімен бір мезгілде Иран мен «алтылық» елдері және Еуроодақтың қатысуымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясының сегізінші кезеңі бүгін, жұма күні Венада басталды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 21, 2017 23:18 Asia/Almaty
  • Бүгін Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы комиссиясының отырысы басталды

Иранның ядролық бағдарламасына екі жыл толып, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы бүлдіргі әрекеттерімен бір мезгілде Иран мен «алтылық» елдері және Еуроодақтың қатысуымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясының сегізінші кезеңі бүгін, жұма күні Венада басталды.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының сегізінші кезеңін өткізудегі мақсат – ядролық келісімге қатысқан елдердің іс-әрекеттерін талқылау. Онда әрбір елдің іс-әрекетінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мәтініне қаншалықты сәйкес келетіні немесе оны бұзатыны анықталады. Ортақ комиссияның бұл кезеңі ядролық келісімге екі жыл толған шақта өткізіліп отыр. Бұл келісімге келу үшін 2013 жылдың қараша айынан бастап ұзақ уақыт өтті. 2015 жылдың 14 шілдесінде  Иран мен әлемнің алты алпауыт елі арасында ядролық келісімге қол қойылды. Содан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің растауымен ол дүниежүзілік келісімге айналды.

Иранның өзінің бейбіт атом қуатын иелену құқығын дәлелдеу үшін әлемнің алпауыт елдерімен табандылықпен қарсыласуы оны әлемдік теңгерімде ықпалды күшке айналдырды. Қазіргі таңда АҚШ-тың уәде бұзушылықтары мен жауластық қатынасына қарамастан, Иран өзінің тәуелсіз орнын сақтап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын дұрыс орындау жолында қалтқысыз қадам басуда. Мұнымен бір мезгілде басқа елдердің өз міндеттемелерін орындаудағы әрекеттерін жіті бақылап отыр. Осы арада ядролық келісімге қол қойғаннан бері АҚШ бұл келісімді негізгі жолынан тайдыру үшін әрдайым нашар полиция сынды бүлдіргі рөлге ие болды.

АҚШ-та Дональд Трамп үкімет басына келгеннен бері бұл елдің Иранға қатысты ұстанымының  жауластық сипаты күшейе түсіп, олар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлсірету үшін еш нәрседен аянып қалмады. АҚШ-тың мемлекеттік қайраткерлері іштей қаламаса да, бұрынғыдай Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қисынды әрекетін қуаттады. Дональд Трамптың Мемлекеттік Департаменті өткен дүйсенбі күні Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін растады. Бұл салада АҚШ-тың «Foreign Policy» басылымы сәрсенбі күні Илан Голденбергтің сараптамасын жариялап: «Трамптың Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына әлі беріктігін растауға шешім қабылдауы – осы келісімді демеушілер үшін жақсы жолдау. Бірақ, Трамптың өзінің ұлттық қауіпсіздік командасымен сұхбаттасқаннан кейін Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін зауықсыз қабылдағаны туралы жарияланған ақпараттар алаңдаушылық тудырады»,-деп жазды.

Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігі туралы екінші есебін жариялаған соң Трамптың 18 ирандық және шетелдік азамат пен топқа қарсы жаңа санкциялар салуы АҚШ Президентінің дүниежүзілік келісім саналатын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты болжауға келмейтін әрекеттер жасайтынын көрсетеді. Иранға қарсы қатаңырақ пункттерді енгізу мақсатымен Трамптың осы келісімге қатысты қайта келіссөздер өткізу туралы ұстанымы талқылауға тұрарлық.  Мұндай жағдайда Трамптың Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігі туралы үшінші есебінің алдағы 90 күнде қалай боларын болжау мүмкін емес. АҚШ-тың ядролық келісімге қатынасы – талғамға негізделген қатынас. Ол халықаралық келісім аясынан тыс. Осыған орай Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини сәрсенбі күні «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын қайта қуаттап, осы келісімге қатысты кейбір қисынсыз әрекеттер жайлы: «Иранмен ядролық келісім оны жасаған тараптарға немесе бір-екі елге тиесілі емес, ол бүкіл халықаралық қауымдастыққа тиесілі»,-деді. 

Мұнымен бір мезгілде Франция Президенті Эммануэль Макрон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты жаңа ұстанымында Трамптың осы бағдарламаға қатысты келіссөздерді қайта бастау туралы өтінішіне реакциясында: «Ядролық келіссөздерді қайта бастау мүмкін емес»,-деп қуаттады. Қалай болғанда да, Трамптың Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін растай келе көздейтін мақсаты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарымен халықаралық сипатқа ие болған келісімге қайшы. Трамп  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қатал қатынас көрсетіп, Иранға үсті-үстіне санкция салу арқылы Теһранды осы келісімді біржақты бұзуға итермелеп отыр. Сонда ол өз саясатын оңайырақ ілгерілетеді. Алайда, Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын біржақты түрде бұзбайтынын сан рет жариялады. Осындай кеңістікте «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ортақ комиссияның рөлі өте маңызды. Өйткені, АҚШ-тың осы келісімді бұзғанын көрсететін дәлелдер айдан анық.