Иран Американың «Ортақ қадам» бағдарламасынан шығу жағдайына дайын
Иранның Сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің төрағасы Харрази АҚШ-тың Иранға қарсы салған жаңа санкцияларын Иран мен "алтылық" топ арасындағы ядролық келісімді бұзу деп атады.
Иранның Сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің төрағасы Камал Харрази жұма күні Францияның France-24 телеарнасына берген сұхбатында: "АҚШ-тың Иран азаматтары мен ұйымдарына қарсы жариялаған жаңа санкциялары мен банктерге Иранмен ынтымақтастық жасамау мақсатында қысым көрсетуі ядролық келісімді бұзу саналады",- деп мәлімдеді.
Харрази сонымен қатар АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік екендігі туралы уәжін сынға алып: ""Ортақ қадам" бағдарламасы Иранның «қызыл сызығы» саналады. Теһран АҚШ-тың бұл келісімнен шығатын жағдайына дайын",- деді.
Иранның Сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің төрағасы Кувейттің жуырдағы Иран дипломаттарының санын азайту мақсатындағы әрекетіне байланысты: "Кувейтті осы әрекетті жасауға Сауд Арабиясы итермеледі. Саудиялықтар бүгінгі күнге дейін Йемен, Бахрейн, Ирак пен Сирияда көптеген қателік жасады",- деп баса айтты.