АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтары жауапсыз қалмайды
https://itolqyn.com/news/world-i29194
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын бақылау тобының Ирандағы мүшесі Велаяти АҚШ-тың осы бағдарламаны бұзу аясындағы әрекеттеріне білдірген реакциясында: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтары жауапсыз қалмайды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 23, 2017 14:50 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтары  жауапсыз қалмайды

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын бақылау тобының Ирандағы мүшесі Велаяти АҚШ-тың осы бағдарламаны бұзу аясындағы әрекеттеріне білдірген реакциясында: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтары жауапсыз қалмайды»,-деді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын бақылау тобының мүшесі Әли Акбар Велаяти сенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатында жұма күні Венада өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының  отырысында АҚШ-тың осы бағдарламаны бұзу жайттарын талқылауға Иранның қанағаттанбағанын айтып: «Иран бағдарламаның орындалуын қадағалаушы комиссияның мүшесі ретінде АҚШ-тың уәде бұзушылығына наразы»,-деді. 

ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы, сондай-ақ,  Кувейт үкіметінің Иранға қарсы жуырдағы шараларына: «Иранмен тату көршілестік қатынаста болу Кувейт үкіметі мен халқының мүддесіне сай келеді. Кувейт өзінің ұлттық мүдделерін саудиялықтар, америкалықтар мен сионистердің қысымына салмасын»,-деді.

Велаяти, сондай-ақ, Сауд Арабиясының Иранның дипломатиялық  делегациясының қажылық сапарға виза бермегеніне тоқталып: «Иран үкіметі ирандық қажылардың қадір-қасиетінің сақталуы шартымен оларды жіберуге келісті. Шын мәнінде ИИР өз қажыларының қауіпсіздігі мен ар-намысын қорғайды»,-деді.