Иракта ДАИШ лаңкестік тобы әлсіреді
https://itolqyn.com/news/world-i2923
Ирактағы ДАИШ-ке қарсы коалицияның ақпарат өкілі: «ДАИШ-тің әскери жеңілісі оның идеологиялық жеңілісінен жылдамырақ болмақ»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 17, 2016 16:08 Asia/Almaty
  • Иракта ДАИШ лаңкестік тобы әлсіреді

Ирактағы ДАИШ-ке қарсы коалицияның ақпарат өкілі: «ДАИШ-тің әскери жеңілісі оның идеологиялық жеңілісінен жылдамырақ болмақ»,-деп қуаттады.

«Sumeriye» ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Ирактағы ДАИШ-ке қарсы коалицияның ақпарат өкілі Стив Уоррен сәрсенбі күні АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігінде өткен баспасөз конференциясында: «ДАИШ-тан Мосулды қайтарып алуға дайындықтар басталды, бірақ амалдардың басталар уақыты анықталған жоқ.

ДАИШ лаңкестері қатты әлсіреді, бірақ соғыс әлі аяқталған жоқ. ДАИШ-тің әскери жеңілісі оның идеологиялық жеңілісінен жылдамырақ болмақ. Коалиция бұрынғыдай ДАИШ-тің химиялық қарулары орналасқан жерлерін нысанаға алуда әрі осы топ жайлы өте маңызды мәліметтерге ие. Біздің пайымдауымызша, ДАИШ қырып-жоятын химиялық қаруға қол жеткізуге талпынуда. Біз ДАИШ-тің негізгі басшысы Абубакр Бағдадидің өлтірілгеніне сенімді емеспіз» деп баса айтты

Ирактың қауіпсіздік күштері коалиция күштерінің көмегімен үш күнде бір рет ДАИШ-тің басты қолбасшыларының көзін жоюда. Осы күнге дейін ДАИШ-тің 10 мың мүшесі өлтірілді.