ДАИШ африкалық азаматтарды пайдаланады
ДАИШ африкалық азаматтарды өзінің кейбір лаңкестік шабуылдарында пайдаланады.
Alsumaria ақпарат базасының мәліметі бойынша, Ирак басшыларының бірі Әди әл-Хадрон бейсенбі күні: «ДАИШ лаңкестік тобы соңғы қақтығыстарында, әсіресе Киркук облысындағы әл-Хавидже қаласында африкалық азаматтардан көмек алды. ДАИШ тобы ондаған африкалық жалдамалы мен содырды Нейнава облысының орталығы Мосулден әл-Хавидже қаласына ауыстырды»,- деді.
Әл-Хавидже қаласы Киркук облысындағы ДАИШ-тың маңызды базасы болып отыр. Бұл қала 2014-ші жылдың маусым айында ДАИШ-тың қолына түскен болатын.