Тиллерсон Трамппен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қайшылыққа ие екенін мойындады
Там 03, 2017 17:25 Asia/Almaty
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы елінің Президентімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталатын Иран мен «алтылық» елдері арасындағы ядролық келісімге қатысты қайшылыққа ие екенін мойындады.
Рекс Тиллерсон АҚШ Мемлекеттік департаментінде өткен баспасөз конференциясында осы елдің Президенті Дональд Трамппен кейбір мәселелер жөнінде қайшылықтарының барына тоқталып: «Екеуміздің арамызда кейбір тақырыптар, соның ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын пайдалану жөнінде пікір қайшылығы бар»,-деді.
Бұдан бұрын ақпарат құралдары Трамп пен оның кеңесшілерінің АҚШ Мемлекеттік департаментімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қайшылықтары барын хабарлаған болатын.
«Foreign Policy» өз мақаласында: «Дональд Трамп Ақ үйдегі сенімді қызметкерлер тобына келесі 90 күнде қазан айының аяғында болатын қайта қарау жиналысында Иранның ядролық келісімге берік еместігін жариялауға жағдай жасауды тапсырды. Бұл тапсырманы Трамп бұрын Рекс Тиллерсон мен АҚШ Мемлекеттік департаментіне жүктеген болатын»,-деп хабарлады.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Трамп АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон, Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Герберт Макмастермен 50 минуттай сөйлескеннен кейін осы адамдардың АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік болуын жалғастыру қажеттігі жайлы көзқарасына мойынұсынды.
Ақ үйде болған ауызша тартыстан кейін енді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы осы елдің Президентімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты пікір қайшылығының барын ресми түрде растады. Тиллерсон Иранмен ядролық келісімінің тиімсіз екенін тағы да қайталап, АҚШ Мемлекеттік департаментінде өткен баспасөз конференциясында Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының рухын бұзды деп айыптады. Бұған қарамастан, АҚШ дипломатиялық аппаратындағы мамандардың сараптауы және осы елдің әскери және қауіпсіздік органдарының бағалауы бойынша, олар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктікті сақтауды жалғастыруды қуаттап отыр. Осы топтың сенімінше, АҚШ-тың біржақты негізде көпжақты келісімнен шығуы елді оқшауландырады және Вашингтон мен оның Еуропа мен Азиядағы одақтастары арасында алшақтықтың пайда болуына себеп болады. Мұнымен қоса, АҚШ-тың осы бағдарламада қалуын қорғайтын топ Иранның АҚШ-тың уәде бұзушылықтарына қатаң реакция көрсететіндігіне алаңдап отыр.
Бұған қарамастан, Трамп пен оның идеология қуған реакцияшыл кеңесшілерінің пайымдауынша, АҚШ ықтималды салдарларға еш алаңдамастан, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, бұл келісімді жыртуы керек. Бұл топтың көзқарасынша, АҚШ біржақты түрде көпжақты келісімнен шығып, әлемді соңынан ертіп әкете алатындай дәрежеде тұр. Бұл топ үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Тынық мұхиты сауда келісімі мен климаттық өзгерістерге қатысты Париж келісімі сияқты зиянды, онымен әріптестікті жалғастыру АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне қауіп төндіреді.
Осы уақытқа дейін бірінші топтың, яғни АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік болып қалуын жақтайтындардың көзқарасы АҚШ-тың ресми саясаты ретінде орындалып келді. Сол себепті де Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы талай рет ауызша шабуыл жасаса да, осы уақытқа дейін екі рет Иранның беріктігін растап, АҚШ-тың осы бағдарламада қалатынын жариялады. Бұған қарамастан, аталмыш мәселе АҚШ үкіметінде қатты алшақтықтың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Тегтер