Украинаның шығысында болған жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапты
Там 09, 2017 20:42 Asia/Almaty
Украина армиясы елдің шығысында болған жарылыс салдарынан екі әскеридің қаза болғанын хабарлады.
Украинаның шығысындағы Донбаста болған жарылыс салдарынан 2 әскери қаза тауып, 5 адам жараланды. Украина армиясы бұл оқиғаның бір қарудың істен шығып, жарылуы салдарынан орын алғанын мәлімдеді.
Тараптар арасында атысты тоқтату бітімі жарияланғанымен Украинаның шығысында үкіметтік күштер мен оппозиционерлер арасында қақтығыстар жалғасып жатыр. Украинаның шығысындағы қақтығыстарда 2014 жылдан осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам адам қаза тауып, өте көп адам жараланып, босқынға айналды.
Тегтер