Америкада тұратын ирандықтар Дональд Трамптың Иранға қарсы саясаттарына қарсылық білдіруде
Там 11, 2017 11:13 Asia/Almaty
Америкалық «Zogby» институтының жаңа сауалнамаларының нәтижесі Америкада тұратын ирандықтардың 82 пайызының Америка президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы саясаттарына қарсы екенін көрсетті.
Сауалнама нәтижесі сонымен қатар Америкада тұратын ирандықтардың 60 пайызының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуды қалайтындықтарын, тек 19 пайызының жаңадан келіссөздер өткізу керектігін, 7 пайызының оны жоюды қолдайтындықтарын көрсетті. Сауалнама нәтижелері Америка басшыларының көпшілігі Дональд Трампқа «Ортақ қадам» бағдарламасын бұзған жағдайда Вашингтонның оқшау қалатынын ескерткен жағдайда жарияланып отыр.
Тегтер