Трамп АҚШ армиясы мен зымырандық бағдарламасын күшейту қажеттігін қуаттады
АҚШ Президенті Дональд Трамп АҚШ армиясы мен зымырандық бағдарламасын күшейткісі келетінін хабарлады.
Трамп бейсенбі күні Нью-Джерсиде тілшілерге берген сұхбатында армияның бюджетін миллиардтаған долларға ұлғайтуды қалайтынын мәлімдеді.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп ядролық қаруланудың қатерлері жайлы ескертіп: «Әлемнің ядролық қарулардан арылғанын қалаймын, бірақ осы оқиға орын алғанға дейін АҚШ әлемдегі ең мықты ядролық ел болады»,-деген уәж айтты.
АҚШ Президенті сөзінің келесі бір бөлігінде: «Ресей менің президент болғанымды қаламайды, өйткені мен АҚШ-та мықты армия қалыптастыру жолында талпыныс жасайтын боламын. Мен президенттік сайлауда жеңіске жеттім, өйткені үздік үміткер болдым. Менің жеңісімнің Ресейдің араласуына еш қатысы жоқ»,-деді.
АҚШ Президенті, сондай-ақ, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігі туралы сауалға жауабында: «Иран бұл келісімге берік емес»,-деген уәж айтты.
Трамп Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындаудағы бүлдіргі әрекеттеріне тоқталмастан: «Менің ойымша, Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – қауіпті келісім. Иран осы келісімнің рухына берік емес»,-деді.