Трамп – Шарлотсвилл қаласындағы бейберекеттіктердің себепкері
(last modified Sun, 13 Aug 2017 15:57:06 GMT )
Там 13, 2017 21:57 Asia/Almaty
  • Трамп – Шарлотсвилл қаласындағы бейберекеттіктердің себепкері

АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Шарлотсвилл қаласының мэрі Трамп үкіметін осы қалада жуырда орын алған қатігездік мен нәсілшілдік әрекеттердің себепкері деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Майкл Сингер жексенбі күні таңертең: «АҚШ Президенті Дональд Трамп пен оның үкіметінің қате саясаттары Шарлотсвилл қаласында соңғы күндері нәсілшілдер мен соларға қарсылар арасында қақтығыстардың туындауына себеп болды»,-деп мәлімдеді.

Шарлотсвилл қаласында жұмадан осы күнге дейін ақ нәсілділердің үстемдігін жақтаушылар мен қарсыластар арасында қатты қақтығыс жүріп жатыр.

Ақ нәсілділердің үстемдігін жақтаушылардың, соның ішінде неонацистік топтардың, әсірешіл ұлтшылдар мен Трампты жақтаушылардың қатысуымен өткен сенбі күнгі шеруде АҚШ-тың артықшылығы мен ақтардың үстемдігі баса айтылып, мигранттарға қарсы ұрандар айтылды.

Сенбі күні түстен кейін қарсыластардың бірнеше көлігі Вирджиния штатының Шарлотсвилл қаласында нәсілшілдердің жиынына лап қойды. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 35 адам жараланды.

Вирджиния полициясының Шарлотсвилл оқиғасының үстінен қарауылдап жүрген бір тікұшақ та құлап, оның екі экипажы қаза тапты.