Халық АҚШ Президентінің ғимаратының алдында шеруге шықты
(last modified Tue, 15 Aug 2017 11:07:58 GMT )
Там 15, 2017 17:07 Asia/Almaty
  • Халық АҚШ Президентінің ғимаратының алдында шеруге шықты

АҚШ халқы Нью-Йорктің Манхеттэн аймағында ел Президентінің ғимаратының алдында шеруге шығып, Дональд Трамптың отставкаға кетуін талап етті.

«Рейтерстің» мәліметі бойынша, мыңдаған америкалық сейсенбі күні таңертең Дональд Трамптың ғимаратының алдына жиналып, оның нәсілшілдерге қатаң ұстаным білдірмегенін сынады. Америкалық наразылар плакаттарында Трампты нәсілшілдердің басшысы деп атап, «Үстемшілікке өлім!» деп ұран айтты.

АҚШ Президенті бір әйелдің өлімі мен 19 адамның жарақат алуына себеп болған Шарлоттсвилл қаласындағы нәсілшілдікке қарсы шерудегі оқиғаға дұрыс реакция білдірмегені үшін қатты сынға түсті.