«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы зорайтып көрсетілмеуі керек
БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Никки Хейли Вашингтонның ИИР-на қарсы жаңа санкцияларын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты емес деп атап, халықаралық келісімді маңызсыз етіп көрсетуге талпыныс жасады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Никки Хейли сейсенбі күні: «ИИР-ның зымыранды сынақтан өткізуі, лаңкестікті қолдауы мен Қауіпсіздік кеңестің қарарларын бұзғаны үшін жауап беруге міндетті»,- деді.
АҚШ-тың Иранға қарсы негізсіз уәждері бұл елдің БҰҰ-дағы өкілінің қайталауы ИИР Президенті Хасан Руханидің сейсенбі күнгі Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық отырысында сөйлеген сөзіне көрсеткен реакция болды.
Хасан Рухани Иран Мәжілісінде «АҚШ-тың жаңа басшылары бұл елдің бұрынғы басшыларының санкциялары мен қоқан-лоққыларының нәтижеге жетпеуінің келіссөздерге әкелгенін білгені жөн. Егер америкалықтар бұл тәжірибені қайталағысы келсе, Иран қысқа уақытта апта мен ай емес, бірнеше сағат пен бір күннің ішінде келіссөздер басталған кезеңдегі жағдайдан асып түсетін жағдайға оралады»,- деп ескерткен болатын.