Стив Бэннон: Трамптың президенттік кезеңі аяқталды
Ақ үйдің қызметінен босатылған стратегі қызметтен кетуіне байланысты алғашқы реакциясында: "Трамптың соншама соғысып, қол жеткізген президенттігі аяқталды",- деп мәлімдеді.
Стив Бэннон жұма күні Weekly Standard апталық басылымына берген сұхбатында: "Біздің cол үшін соғысып, жеңіске жеткізген Трамптың президенттік кезеңі аяқталды.
Келешекте әртүрлі қақтығыстар орын алып, жақсы-жаман күндер басталады",- деді.
АҚШ-тың жанжалды президенті Дональд Трамп жұма күні өз үкіметінің кейбір лауазымды тұлғаларын қызметтерінен босатудың жалғасында Ақ үйдің стратегі Стив Бэннонды да қызметтен босатқан еді.
Президенттің өнер және гуманитарлық ғылымдар комитеті деген атпен белгілі Ақ үй комитетінің мүшелері Дональд Трамптың нәсілшіл топтарды қолдауына наразылық танытып, өз қалауымен қызметтерінен кетіп, президенттің билік басынан кетуін сұрады.