Ресей Кеңес Одағынан қалған берешегінен құтылды
Там 22, 2017 21:54 Asia/Almaty
Ресей Босния мен Герцеговинаға 125 млн 200 мың доллар төлеу арқылы 26 жылдан соң Кеңес Одағынан қалған 96 млрд доллар қарызынан құтылды.
Кеңес Одағы 1991 жылы ыдыраған кезде шетелдерге 96 млрд 600 млн доллар қарыз еді. Осы одақтың мұрагері Ресей несиелердің өзі мен пайыздық үстемесін төлеуге мәжбүр болды. Ресейдің Қаржы министрлігі: "Кеңес Одағының қаржылай міндеттемелері аясындағы соңғы талапкер Балкан елдерінің бірі Босния мен Герцеговинаға тиесілі қарыз үлесі төленді. Осылайша 26 жылға созылған іс толығымен жабылды",-деп хабарлады.
Тегтер