Талибан: Ауғанстан америкалықтар үшін молаға айналады
Талибанның ақпарат хатшысы АҚШ-қа өз әскерилерін Ауғанстаннан тез арада шығаруды сұрады.
Сейсенбі күні Забихулла Моджахед АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ауғанстанға көп әскер жіберу үшін мүмкіндік жасайтыны туралы сөздеріне реакция білдіріп: "Егер АҚШ Ауғанстаннан өз әскерилерін шығармаса, бұл ел америкалықтар үшін молаға айналады",-деді.
France-Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Забихулла Моджахед: "АҚШ соғысты жалғастырудың орнына артқа шегіну стратегиясын ойластырсын. Ауғанстанда АҚШ-тың бір сарбазы қалса да, басқыншылармен соғыс жалғаса береді",-деді.
Трамп кеше кешке Вашингтонда сөйлеген сөзінде Ауғанстанда АҚШ әскерилері санының нақты қанша адамға арттыратынын айтпады. Алайда АҚШ-тың жоғары лауазымды бір тұлғасы Трамптың Пентагонға сол елге 3900 сарбаз кіргізуге келісім бергенін хабарлады.
Көптеген сарапшылардың пікіріне сәйкес, АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери құзырының ондаған мың бейбіт тұрғынның өлімі мен осы елдің инфрақұрылымын қиратқаннан басқа нәтижесі болмады.