Халықаралық кешірім ұйымы Сауд әулетінің Йемендегі қылмыстарын тексеруді сұрады
Там 26, 2017 20:17 Asia/Almaty
Халықаралық кешірім ұйымы БҰҰ-нан Сауд Арабиясының басқаруындағы басқыншы коалицияның Йемендегі жуырдағы қылмысы мен Санаға жасаған әуе шабуылдарына қатысты мәліметтерді тексеруді сұрады.
Халықаралық кешірім ұйымының Таяу Шығысты зерттеу бөлімінің басшысы Лин Малов өз мәлімдемесінде халықаралық заңдарға сәйкес Йеменде адам құқығын бұзып, қылмыс жасады деген айыппен Сауд Арабиясының жауапқа тартылуы қажеттілігін қуаттады. Сауд Арабиясының Йемендегі соғысқұмарлығы осы уақытқа дейін 12000-нан астам йемендіктің қаза тауып, ондаған мың адамның жарақат алып, миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына соқтырды.
Тегтер