АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Трамптың нәсілшіл сөздеріне қарсы ұстаным білдірді
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы өз елі президентінің нәсілшіл сөздерін сынға алды.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Fax News ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың Шарлотсвилл оқиғасына байланысты айтқан сөздеріне қатысты: "Трамп өзінің атынан айтып отыр",- деді.
АҚШ Мелекеттік хатшысы мұның алдында да нәсілшіл әрекеттерге қарсы мәлімдеме жасаған болатын.
Дональд Трамп АҚШ-тың Виргиния штатындағы Шарлотсвиллде орын алған оқиғадан кейін барша нәсілшілдерді айыптауды күтіп отырған жағдайда екі тарапты да кінәлі деп атады. Трамп сол сөздерінен кейін ауқымды сынға ұшырады.
Шарлотсвиллде тамыздың он екісі күнгі ақ нәсілдің артықшылығын жақтаушылардың зорлық-зомбылық шеруі кезінде бір жас бала нәсілшілдерге қарсы адамдарға автокөлікпен шабуыл жасап, соның салдарынан бір адам қаза тауып, 19 адам жараланған болатын.