Әзірбайжан Республикасының Ұлттық Мәжілісі армяндардың азаматтық алуына рұқсат беруі мүмкін
Там 28, 2017 20:36 Asia/Almaty
Әзірбайжан Республикасының Ұлттық Мәжілісінің бір депутаты армяндарға осы елдің азаматтығын алуға рұқсат берілетінін хабарлады.
Баку үкіметін жақтаушы депутаттардың бірі Эльман Мамедов Таулы Қарабақта тұратын армяндар Әзірбайжан Республикасының құқығына құрмет көрсеткен жағдайда жақын болашақта Әзірбайжан жерінде қоныстануға мүмкіндік алатындығына үміт білдірді.
Осыдан біраз бұрын Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрі де дау-жанжал шешілгеннен кейін қалыптасатын жағдайды армян халқы үшін де пайдалы болады деген болатын.
Тегтер