АҚШ-тың Сириядағы бұрынғы елшісі: Башар Асад жеңіске жетті
Там 28, 2017 21:19 Asia/Almaty
Роберт Форд БАӘ-нің «National» газетіне берген сұхбатында: "Башар Асадтың жеңісі мен Иран әскерилерінің Сириядағы құзыры – аймақтағы шындық. Біз оған әдеттенуіміз қажет.
Сириядағы соғыстың шаң-тозаңы біртіндеп басылып келеді. Асад – сол шайқастың жеңімпазы. Ол осы елдің басшылығында қалады. Ол ешқашан жауапқа тартылмайды. Иранның Сириядағы құзыры жалғаса береді. Біз осы жаңа шындықты қабылдауымыз керек. Қолымыздан одан басқа ештеңе келмейді",-деді.
Тегтер